USD
USD
USD

Қаңтар қырғыны: Алматы облысында кәмелетке толмаған 8 бала босатылды

Алматы облысында қаңтар айындағы тәртіпсіздіктер кезінде ұсталған 33 адам тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторларынан босатылды. 

Қаңтар қырғыны: Алматы облысында кәмелетке толмаған 8 бала босатылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Олардың сегізі – кәмелетке толмағандар, олар ата-анасына тапсырылды. Бұл туралы 14 ақпанда өткен брифингте облыс прокурорының міндетін атқарушы Рашид Әміров айтты. Бүгінде 88 адам қамауда отырса, 60-ына басқа да профилактикалық шаралар таңдалды. Адамның жасын, денсаулық жағдайын, қатысу дәрежесін, әрекетке қатынасын және басқа да сипаттайтын мәліметтерді мұқият зерделегеннен кейін сотпен алдын алу шаралары санкцияланды.

Қаңтар оқиғасы салдарынан Алматы облысында 758 адам зардап шекті, оның ішінде 643 полиция қызметкері, 78 әскери қызметкер, 37 бейбіт тұрғын. Зардап шеккендердің көпшілігі жеңіл жарақаттар алған, олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

«Президенттің іс-әрекетінде ауырлататын мән-жайлары жоқ тұлғалардың жазасын жеңілдету бөлігіндегі тапсырмасын орындау бойынша шаралар қабылданды. Мұнда әрбір құқық бұзушының жағдайы жеке қаралды. Жасаған тәртіпсіздіктің сипаты мен ауырлығы бағаланды», – деді Әміров.

Брифингте хабарланғандай, қаңтар оқиғасы бойынша Алматы облысында барлығы 409 қылмыстық іс тергелуде, оның ішінде 158-і ұрлық, 191-і қаруды заңсыз сақтау, 11-і терроризм, үшеуі жаппай тәртіпсіздіктер, үшеуі кісі өлтіру және т.б.

Жеңілдетуге 93 өтініш, оның 71-і қамауға алудан босату, 22 айыппұл ескертумен ауыстырылды. Прокурорлық актілер сотпен қанағаттандырылып, қазіргі таңда облыста әкімшілік құқық бұзушылық бойынша қамауға алынғандар жоқ.

Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет азаптау фактілері бойынша 37 қылмыстық істі тергеп жатыр.

«Жәбірленушілердің өтініштерінде қаңтар оқиғасы бойынша қылмыстық істерді тергеп-тексеру барысында құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қылмыстарын мойындау үшін жәбірленушілерді азаптағаны айтылады. Полиция қызметкерлерінің әрекетіне қатысты қорғаушылар, туыстары, ата-аналары және жәбірленушілердің өздері арыз түсірген. Қазіргі уақытта тергеудің жан-жақты болуын қамтамасыз ету мақсатында күн сайын бірқатар жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр», – деді басқарма басшысының орынбасары.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда төрт фармацевтикалық компания қолдан жасалған, қауіпті дәрілер сатып келген

Контрабанда

Алматы облысында полиция қызметкерінің жанып жатқан мәйіті табылды

Алматы қалалық полиция департаменті

Қазақстанда зейнетақы жүйесі қалай өзгермек?

Зейнетақы, ақша, есеп

Әскерден мүгедек боп оралған Ербаян Мұхтар қайтыс болды: ДСМ мән-жайды түсіндірді

Ербаян Мұхтар