USD
USD
USD

Қаңтар қасіреті: Алматыға Нұр-Cұлтаннан 360 доза қан жеткізілген

  Елдегі Төтенше жағдай режимі кезінде медициналық авиация резерв үшін Нұр-Сұлтаннан Алматыдағы қан орталығына 360 доза қан жеткізген.

Қаңтар қасіреті: Алматыға Нұр-Cұлтаннан 360 доза қан жеткізілген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қоғаммен байланыс департаментінің директоры Әсел Артакшинова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде осындай мәлімет келтірді. «Денсаулық сақтау министрлігінің құрылған жедел штабы өңірлермен бірге барлық зардап шеккендерге үздіксіз медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етті. Консультативтік және практикалық көмек көрсету үшін барлық республикалық жетекші клиникалар қосылды.

Ішкі істер министрлігімен бірлесіп Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбе қалаларында «СҚ Фармация» дәрілік қоймаларын тәулік бойы күзету қамтамасыз етілді. Онда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде пациенттерді емдеуге арналған барлық дәрі-дәрмектер, соның ішінде есірткі және психотроптық заттар сақталады», – деді министрлік өкілі. Оның сөзіне қарағанда, медициналық авиация қызметі де бұл кезеңде жұмысын қалтқысыз орындаған. «Медициналық авиация резервті құру үшін Нұр-Сұлтан қаласынан Алматы қаласына қан орталығына 360 доза қан жеткізді. Медициналық ұйымдар дәрілік препараттармен және қан компоненттерімен толық көлемде қамтылды», – деді Әсел Артакшинова.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде дауылдан ағаштар құлап, бірнеше үйдің шатыры бүлінді

.

Қасым-Жомарт Тоқаев Саида Мирзиёеваны қабылдады

.

Қытайдағы жарыста Назым Қызайбай мен Виктория Графеева топ жарды

.

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: АГҚС иесі уақытша ұстау изоляторына қамалды

.