USD
USD
USD

Қаңтар айында полиция ғимаратына шабуыл жасағандардың бірі ұсталды

Полицейлер қаңтар оқиғасы кезінде Алматыда полиция ғимаратына шабуыл жасағандардың бірін ұстады. 

Қаңтар айында полиция ғимаратына шабуыл жасағандардың бірі ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеевтің мәлім еткеніндей, Алматы қаласында тұратын Жамбыл облысының 24 жастағы тумасы қолға түсті.

Оны Алматы қаласының әуежайында қаңтар айындағы оқиғалар кезінде жасалған қылмыстарды тергеумен айналысатын Көліктегі полиция департаментінің жедел тергеу тобы бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеу нәтижесінде анықтады.

«Күдіктінің 5 қаңтарда тәртіпсіздіктерге қатысушылармен бірге қару-жарақ дүкенінен қару ұрлап, Алматы қаласының әуеажайына қарулы шабуыл жасағандығы белгілі болды. Содан кейін сыбайластарымен бірге Алматы қаласы полиция департаментінің ғимаратына барып, ғимаратты таңғы сағат 6-ға дейін қоршауда ұстауға қатысқан», деді полиция генерал-майоры.

Бұдан соң ол ұрланған қаруды белгісіз біреуге сатып жіберген

«Қазір күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Тергеу амалдары жүргізілуде», деді О.Бекеев.

Қазір оқып жатыр

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов