USD
USD
USD

Қаңтар айында ауа райы қандай болады?

Синоптиктер елімізде қыстың екінші айында ауа райы қандай болатынын болжады.

Қаңтар айында ауа райы қандай болады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мамандардың мәліметінше, қаңтар айының басында Қазақстан аумағының басым бөлігінде жоғары қысым аймағының әсері сақталады. Осыған байланысты аязды, аз бұлтты ауа райы болжанады.

Алайда еліміздің батыс аймақтарына солтүстік циклон жырасының тереңдеуімен, жауын-шашын, желдің күшеюі, көктайғақ күтіліп отыр. Циклон жырасының шығыс бағытта ығысуына байланысты республиканың қалған аумағында да ауа райының тұрақсыз сипаты болуы мүмкін.

Осы орайда синоптиктер солтүстік өңірлерде бұрқасын, екпінді жел, оңтүстік өңірлерде жауын-шашын, көктайғақ және тұман күтілетінін жеткізді. Ауа температурасының солтүстік жартысында түнде -17-28°С-тан -3-13°С-қа дейін, күндіз -10-18°С-тан 0,-8°С-қа дейін, оңтүстік жартысында күндіз +5+12°С-қа дейін, елдің батысында -3+2°С-қа дейін біртіндеп жоғарылауы болжанады. Мамандар бірінші онкүндіктің ортасында еліміздің аумағына кезекті суық антициклон әсер ете бастайды, деп отыр.

"Республиканың басым бөлігінде жауын-шашынның тоқтауы байқалып және ауа температурасының біртіндеп төмендеуі болжанады. Солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, ал бірінші онкүндіктің соңында және Қазақстанның шығысында түнгі сағаттарда термометр бағандары -17-32°С-қа дейін, оңтүстік жартысында -3-13°С-қа дейін, батысында -8-23°С-қа дейін төмендейді", - дейді синоптиктер.

Ауа райын болжаушылар мұндай ауа-райы ұзаққа созылмайтынын атап өтті. Өйткені батыстан антициклонның орнына Скандинавия аймақтарынан циклон қайтадан ауысады. 

Қазір оқып жатыр

Китана «Бүркіт» арнайы жасағына қабылданған алғашқы жауынгер қыз атанды

Китана – Қымбат

Stadler вагондары жолға шығуға дайын: билет сатылымы басталды

Stadler

Ақын Ербол Бықыбаев терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды

Ербол Былықбаев

Хайнаньда 150-ден астам қазақстандық рейсті бір тәуліктен аса күтуге мәжбүр болды: Air Astana мән-жайды түсіндірді

 Air Astana