USD
USD
USD

Қаңтар: 377 күдіктінің үстінен қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды

ҚР Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов ведомствоның қарауында қаңтар оқиғасы бойынша қаралып жатқан істер туралы мәлімет берді.

Қаңтар: 377 күдіктінің үстінен қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Бүгінде ішкі істер органдары тергеушілерінің өндірісінде 1090 қылмыстық іс бар. Қазіргі уақытта 165 адам қамауда, олардың барлығы ауырлататын мән-жайлар кезінде ауыр және аса ауыр қылмыстар жасады. Жеке басын ескере отырып, 315 күдікті қамаудан босатылды. Бұл – алғаш рет қылмыс жасағандар және өз кінәсін мойындаған адамдар», - деді Санжар Әділов. Сондай-ақ ол 377 күдіктіге қатысты қылмыстық істерді тергеу аяқталып, сотқа берілгенін атап өтті.

«Олардың көбі ұрлық жасағандар – 196 адам. Қарудың заңсыз айналымына күдіктілер – 39, тонау, ұрлау және ұсақ ұрлық жасағандар –үшеу», - деді ІІМ өкілі. Оның айтуына қарағанда, бүгінгі таңда ел соттары 168 адамды соттаған.

«Олардың ішінде 147 адам жасаған ісіне толықтай өкіну және келтірілген залалды қалпына келтіру бойынша қабылданған шараларды ескере отырып, адамгершілікқағидаттарын басшылыққа ала отырып, көпшілігі қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазалау шараларына сотталды», – деді ҚР Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов Бас прокуратура дерегі бойынша, қаңтар оқиғасы кезінде Алматы қаласындағы жаппай тәртіпсіздіктерге 12 ұйымдасқан қылмыстық топ қатысқан.

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер