Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қаңтар оқиғасынан кейін 4 жыл өтсе де қару-жарақ әлі табылып жатыр

27 сәуір күні Алматы қаласында полиция қызметкерлері Сайран көлінің жағасынан Қаңтар оқиғасы кезінде қару-жарақ дүкенінен ұрланған қаруды анықтады.

қару-жарақ
Фото: polisia.kz

Астана, NEGE. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері 900-ден астам қару тәркіленген. Оның ішінде 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 74 қару бар. Сондай-ақ айналымнан төрт мыңнан астам оқ-дәрі алынған.

27-29 сәуір аралығында өткізілген «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасының екінші кезеңінде 67 дана атыс қаруы және түрлі калибрдегі 200-ден астам оқ-дәрі тәркіленген.

Ішкі істер министрлігі заңсыз сақталған қаруды ерікті түрде тапсыру қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босататынын ескертеді.

Қазір оқып жатыр

Бедеулік «жасарып» барады: суррогат аналық туралы не білеміз?

суррогаттық ана

Дастан Сәтпаевтың «Челсидегі» дебюттік голы үздік деп танылды

Дастан Сәтбаев

Құлсарылықтар көпқабатты тұрғын үйлерде жылан пайда болғанын айтып, дабыл қағуда

Жылан қаптады

Түсім өсіп, пайда жоғалған. Air Astana НЕГЕ 21 млн доллар шығынға батты?

Air Astana Эйр Астана