USD
USD
USD

«Самат Әбіштің бұйрығын орындадым» – Қаңтар оқиғасына қатысты ҰҚК-нің бұрынғы қызметкері Руслан Ысқақовқа сот үкімі шықты

Ұлттық қауіпсіздік комитеті бесінші департаментінің бұрынғы басшысы Руслан Ысқақов 15 жылға 6 айға бас бостандығынан айырылды және мемлекеттік наградалардан айырылды. 

Сот үкімі
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ол Арман Жұмагелдиевке (Дикий Арман) алаңда митинг ұйымдастыруға тапсырма бергені үшін кінәлі деп танылды. Сот оны қызмет бабын асыра пайдаланды және ұйымдасқан қылмыстық топ құру бойынша кінәлі деп тапты.

Сотта анықталғандай, Ысқақов 2016 жылы ҚР ҰҚК 5-ші департаменті бастығының орынбасары бола тұра, өзінің жеке басына ұлттық қауіпсіздік органдарынан қамқорлық көрсетуге уәде беріп, Жұмагелдиевті ынтымақтастыққа көндірген. Жұмагелдиев ҰҚК органдарының қолдауына ие болып, Қазақстан аумағында және одан тыс жерлерде қылмыстық ықпал ету аясын кеңейту мақсатында қылмыстық ұйым құра бастаған. Айта кетерлігі, Ысқақов басқарған ҰҚК бөлімшесі Жұмагелдиевтің қылмыстық ұйымымен бәсекелес болған бірқатар ұйымдасқан қылмыстық топтың көзін жойған. Сонымен бірге Ысқақов Жұмагелдиев бастаған топтың заңсыз әрекетін тоқтату үшін ешқандай шара қолданбаған.

2017 жылдың желтоқсан айынан бастап Арман Жұмагелдиев Түркия Республикасында жүрген кезінде өзінің қылмыстық ұйымының қызметін қашықтан басқарды. Ол  Қазақстан, Түркия және БАӘ-де құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен ұйымға қатысушылардың кездесулерін өткізіп отырған. 

Руслан Ысқақов 2023 жылғы қыркүйегіндегі сот отырысында сол кездегі Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарған Самат Әбіштің бұйрығын орындағанын айтқан болатын.

Қазір оқып жатыр

Көрші елдерге бензин жөнелту ішкі нарықтағы бағаға қаншалықты әсер етеді?

бензин бағасы

Бектенов сұйытылған газ өндірісі бойынша жоспар әзірлеуге бір ай уақыт берді

сұйытылған газ

Қазақстанды газдандыру деңгейі 2035 жылға қарай 80%-ға дейін ұлғайтылмақ

газдандыру

ХАМАС Газа секторындағы үкіметін таратқанын мәлімдеді

Газа секторы