USD
USD
USD

«Қаңтар» оқиғасы кезінде адам азаптаған полиция қызметкері сотталды

Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты, кінәні мойындау туралы процестік келісімінің негізінде «қаңтар» оқиғалары кезінде жауапқа алынған адамды азаптағаны үшін (ҚК-нің 146-бабы) айыптау үкімін шығарды. 

Қаңтар оқиғасы
Фото: әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Қылмыстық істі Алматы қаласының арнайы прокурорлары тергеп-тексерді. Прокурорлар 2022 жылғы 8 қаңтарда Алмалы ауданының Полиция басқармасында кінәлі полиция қызметкерінің жеткізілген азаматқа қатысты азаптауларды қолданғанын дәлелдеді.

Полиция қызметкерінің құқыққа қарсы әрекеттерінің нәтижесінде жәбірленушінің денсаулығына зиян келтірген. 

Кінәні мойындау туралы процестік келісімін ескере отырып, сот үкімімен сотталушыға арнайы атағынан және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айыра отырып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс