Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қаңтар оқиғасы: Археологты өлтірген әскери қызметкер жеті жылға сотталды

Қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқан археолог Ерлан Жағыпаровтың өліміне кінәлі подполковник 7 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Сот
Фото: Азаттық радиосы

Алматы, NEGE. 7 ақпанда Ұлттық ұланның 5571 әскери бөлімінің подполковнигі Айтжан Әубәкіровке Алматының әскери соты үкім шығарды.

Сот ісі жабық режимде қаралды. Подполковник Қылмыстық кодекстің 451-бабы «қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану» бабы бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ марқұмның отбасына 30 миллион теңге моральдық шығын өтейді.

Айта кетейік, Қаңтар оқиғасы кезінде 49 жастағы алматылық азамат Ерлан Жағыпаров 6 қаңтарда жоғалып кеткен болатын. Кейіннен оның денесі  қолына кісен салынған, аяусыз соққыға жығылған, жүрек тұсынан оқ атылған күйде табылған.

Қазір оқып жатыр

Танымал блогер Тоқаевтың сүйікті тұлпары Ақжанды алғаш рет кең далада түсірді

.

«Астана» баскетбол клубы жабыла ма? Министрлік түсініктеме берді

.

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті

.

Грантқа іліге алмағандарға тағы бір мүмкіндік бар

грант