USD
USD
USD

Қаңтар оқиғасы: Алматыда әкімдік, Президент резиденциясы және полиция ғимаратына шабуыл жасағандар сотталды

Қаңтар оқиғасы кезінде президент резиденциясына және Алматы әкімдігіне, полиция ғимаратына шабуыл жасаған 11 адамға үкім шықты. 

Қаңтар оқиғасы
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. 2022 жылдың 4-5 қаңтарында сотталушылар жаппай тәртіпсіздіктерге қатысып қорғалатын объектілерге – Алматы қаласының әкімдігіне, Президент резиденциясына, полиция ғимаратына заңсыз кірді. Сотталушылардың қылмыстық әрекеттері мүліктің жойылуына ұласып ауыр зардаптарға әкелді.

Тәртіпсіздік барысында үш сотталушы қоғамдық тәртіп орнату жөнінде шаралар қабылдаған әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне зорлық-зомбылық көрсетті.

Ал, сотталушылардың біреуі екі әскери курсантты тұтқынға алып, оларға жеңіл дене жарақаттарын келтірген. Сотталушылар кінәсін жартылай мойындады.

Қандай жаза тағайындалды?
– Аталған қылмыстар ауыр және аса ауыр қылмыстар санатына жатады.
– Жаза тағайындау кезінде сот жауапкершілікті жеңілдететін жағдайларды ескерді: сотталушылардың кәмелетке толмаған балаларының болуын, денсаулық жағдайларын, отбасылық жағдайларын және бұрын сотты болмағандарын.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, сот 10 сотталушыны ҚК 272-бабының 2-бөлігі, 380-бабының 3-бөлігі, 269-бабының 3-бөлігі-1), 4), 8) тармақшалары бойынша кінәлі деп тапты. "Рақымшылық туралы" ҚР Заңы қолданыла отырып, олардың әрқайсысы 1 жылға 9 айға бас бостандығынан айырылды.

Бір сотталушы ҚК 272-бабының 2-бөлігі, 380-бабының 3-бөлігі, 1), 4), 8) - тармақтары, 269-1-бабының 3-бөлігі, 261-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды, оған "Рақымшылық туралы" ҚР Заңы қолданыла отырып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қолданылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Кувейтте ауруханаға түскен қазақстандық бортсерікке консулдық көмек көрсетіліп жатыр – СІМ

Қазақстандық бортсерік

Forbes Kazakhstan сайтына хакерлік шабуыл жасалып жатыр

Арманжан Байтасов

Қазақстандағы үшінші АЭС Қостанай облысында салынуы мүмкін

АЭС

Ақтөбеде генерал-майор мен подполковник сыбайлас жемқорлық күдігімен ұсталды деген ақпарат тарады

Тимур Еспағамбетов