USD
USD
USD

Қант диабеті барларға вакцина салдыруға бола ма?

University Medical Center (UMС) клиникалық иммунология, аллергология және пульмонология бағдарламасының жетекшісі Елена Ковзель қант диабеті бар науқастарды коронавирусқа қарсы вакцинациялау туралы сұрақтарға жауап берді.

Қант диабеті барларға вакцина салдыруға бола ма?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Әрине, гестациялық қант диабетінде (жүкті әйелдегі қант диабеті) қарсы көрсеткіштер болады. Олар - бала емізу, жүктілік. Ауыр диагноз (коронавирусқа қарағанда) қойылған науқастардың өзі вакцинациялаудан өтеді. Онда өкпенің созылмалы обструктивті аурулары, қант диабеті де кіреді. Ресей Федерациясы мұнай науқастар да вакцинацияға қатысады деп шешім қабылдады.

Дәл қазір созылмалы ауруы бар науқастарды вакцинациялауда қандай шешім қабылданатынына жауап бере алмаймын. Бірақ қант диабетінің өзі гестациялық диабеттен (жүкті әйелдерде) басқасы вакцинацияға қарсы көрсетілім болып саналмайды", - деп жауап берді Елена Ковзель ОКҚ брифингінде.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда тағы үш микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды

Банкир

Қостанай облысында колледждің 45 студенті оқудан шығарылып, директоры жұмыстан босатылды

Қазақстан агротехникалық колледжі

Гаухар Қаппарова Хорватияның Алматыдағы құрметті консулы болып тағайындалды

Гаухар Қаппарова

Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы өткізу бекетінің бірі алты айға жабылады

Өткізу бекеті