USD
USD
USD

Қант бағасы қатаң қадағаланады

Алматыда қант тапшылығы мен оның бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу үшін жедел шаралар қабылдануда. 

Қант бағасы қатаң қадағаланады
Фото: NEGE.kz

Соған сәйкес қанттың құны 2%-ға арзандаған. Бұл туралы қалалық әкімдік мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматы, NEGE.  Қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы мәліметінше, көтерме жеткізушілердің көмегімен қалаға қосымша 2,8 мың тонна қант әкелінді.

"Сондай-ақ "Азық-түлік корпорациясы" ҰК" АҚ қалаға 136 тонна (2 вагон) қант бөліп, "ТойМар" желісінде сатылуда. Қазіргі таңда бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу үшін сауда желілері, базарлар мен сауда орындарына мониторинг күшейтілді. Үй жанындағы дүкендерге қантты тікелей жеткізуді ұйымдастыру үшін сенім телефоны іске қосылды. Осылайша, нарықтағы жағдайды тұрақтандыру, халықты қантпен қамтамасыз ету және шекті рұқсат етілген бағаны ұстап тұру үшін барлық қажетті шаралар қабылданды. Қант бағасы қатаң қадағаланады", – деп жазылған хабарламада. 

Қазір оқып жатыр

Жетісу облысындағы алғашқы жаңа форматтағы кітапхана Сарыөзекте ашылды

.

Шарджада екі қазақ қызы қаза тапты: СІМ ресми мәлімдеме жасады

.

Қазақстанда автонесиеге сұраныс 20%-ға артқан

автонесие

«Украина достық қарым-қатынасты жоғары бағалайды»: Зеленский Тоқаевқа алғысын білдірді

алғыс білдірді