Қанша қазақстандық ағза алмастыру кезегінде тұр?
Денсаулық сақтау министрлігі ағза алмастыру кезегінде тұрған қазақстандықтардың санын айтты, деп жазды Kazinform.
Алматы, NEGE. «Бүгінгі таңда ағза трансплантациясын күту парағында 3961 реципиент тұр. Оның 104-і бала. Кезекте тұрғандардың басым бөлігіне бүйрек ауыстыру қажет – 3613. 184 адам бауыр, 145 адам жүрек, 14 адам өкпе, 5 адам өкпе-жүрек кешенін ауыстыру кезегінде тұр», - делінген министрліктің жауабында.
«Қазақстан халқына» қорының төрағасы Болат Жәмішев Қазақстанда өлімнен кейінгі азға донорлығы өзекті мәселе екенін айтып жүр. Министрлік ағза донорлығының мұндай түрі неге бәсеңдеп кеткенін бірнеше себеппен байланыстырады.
«2020 жылы кодекске марқұм көзі тірісінде ағзасы мен тіндерін трансплантацияға пайдалануға келісетінін немесе қарсы екенін білдірмеген болса, жұбайы (зайыбы), ол болмағанда жақын туыстарының бірі келісімін бере алатыны туралы өзгеріс ұсынылып, БАҚ-та түрлі пікір туындаған. Сондай-ақ, трансплантолог дәрігерлердің қатысуымен өткен негізсіз сот істері ағза донорлығын жылына 5-7 отаға дейін күрт төмендетіп жіберді», - делінген жауапта.