USD
USD
USD

Канн кинофестивалі ереуілге байланысты өтпей қалуы мүмкін

Канн кинофестивалі киномеханиктер, зал менеджерлері және баспасөз агенттерінің ереуіліне байланысты өтпей қалуы мүмкін бе? 

Франция
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Канн кинофестиваліне француз үкіметінің маусымдық кинофестиваль қызметкерлеріне деген көзқарасын өзгертуді талап еткен киномеханиктер, зал менеджерлері және баспасөз агенттерінің ереуіліне байланысты қауіп төніп тұр. Фестиваль келесі аптада ашылуы тиіс, деп хабарлайды The Guardian.

Биыл 200-ден астам жұмысшыдан тұратын Sous les Écrans la Dèche (Шымылдық артындағы кедейлік) ұжымы жұмыссыздық туралы жаңа заңға қарсы ереуілге шықты.

Наразылық білдірушілер арасында киномеханиктер, бағдарламашылар, касса қызметкерлері, логистика менеджерлері, зал менеджерлері, жүргізушілер, декорация жасаушылар мен пресс-атташе бар.

Бұл қызметкерлер жұмысқа қысқа мерзімді келісім-шарт бойынша алынады.

Наразылық білдірушілердің пікірінше, жаңа ережелерге сәйкес, олар Францияның штаттан тыс орындаушылар, әртістер мен мәдениет саласындағы техниктер үшін жұмыссыздықтан сақтандыру жүйесімен қамтылмайды, бұл — жұмыссыздық кезеңінде мемлекеттік қолдау көрсету кезінде жалақыны ең төменгі деңгейге дейін көтеретін жүйе.

Осылайша, адамдар жұмыссыздық кезеңінде мемлекеттік қолдаудан айырылып, жәрдемақы ала алмай, басқа табыс көзін іздеуге мәжбүр болады.

Наразылық білдірушілердің айтуынша, заң күшіне енсе, фестивальдерде жұмыс істейтін ешкім қалмайды.

Жаңа ережелер осы жылдың шілде айында күшіне енеді.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

.

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

.

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес