USD
USD
USD

«Қаныш. Қазына» телехикаясы халықаралық кинофестивальде үздік атанды

«Қазақстан» телерадиокорпорациясының қазақтан шыққан тұңғыш академик Қаныш Сәтбаевқа арналған «Қаныш. Қазына» телехикаясының негізінде жинақталған фильм халықаралық кинофестивальде үздік атанды.

«Қаныш. Қазына» телехикаясы халықаралық кинофестивальде үздік атанды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Тарихи туынды Аргентинада өткен ІІІ Literature in Cinema кинофестивалінде «Ең үздік фильм» аталымын жеңіп алды.

Телерадиокорпорация тарихи сериал негізіндегі фильмді кинопрокатқа 2023 жылдың қаңтар айында шығаруды жоспарлап отыр. Халықаралық «Literature in Cinema» кинофестивалі - әдеби негіздегі фильмдерді марапаттау шарасы.

Мұнда өмірбаяндық және деректі фильмдер, сондай-ақ әдеби шығарма негізінде түсірілген кинотуындылар бақ сынайды.

Қазір оқып жатыр

«Ордабасы» ҚПЛ жеңімпазы атанды

Ордабасы

«Тентек» шахтасы кейінгі он жылда алғаш рет миллион тонна көмір өндірді

.

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент