USD
USD
USD

«Қаным басыма шапты»: Нағима Есқалиеваны кім балағаттады?

«Еуразия Бірінші» арнасындағы Х-Factor жобасында төрешілер арасында дау туды. Оған бұл жобадан REEVOICE тобының кетуі түрткі болған. 

«Қаным басыма шапты»: Нағима Есқалиеваны кім балағаттады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жігіттер ресейлік MBAND тобының әншісі, Х-Factor жобасының қазылар алқасының мүшесі Анатолий Цойдың таңдаған қатысушылары болатын.  Жоба ережесіне сай, көрерменнің ең аз дауысын жинаған екі қатысушы қауіп аймағына түседі. Олар өздерін құтқару үшін бір-бір әннен шырқап, нәтижесінде қазылар өз шешімін шығарады.

Анатолий Цой дауысын REEVOICE тобына берді, Нұрберген Махамбетов келесі қатысушы - Лаура Өтеуованы таңдады. 

Нағима Есқалиеваның дауысы шешуші күшке ие еді. Халық әртісі Нұрберген Махамбетовтің шәкіртіне дауыс беріп, REEVOICE тобының жобадағы тағдырын шешті. 

Бұл жағдай Анатолий Цойға мүлде ұнамай, кадр сыртында Нағима Есқалиевамен сөзге келіп қалған. Жас әнші халық әртісінің шешіміне пікір білдіргенде балағат сөз де айтқан. Бұған дейін А.Цой  REEVOICE триосын шоудың жеңімпазы атанады деп мәлімдеген еді. Енді екі төрешінің жобада қалай бірге жұмыс істейтіні белгісіз.

Қазір оқып жатыр

Түркістан облысында қарт әкесін ұрып-соққан ер адамның жазасы қатаңдатылды

Әкесін ұрып-соққан

Алматыда бірнеше қылмысты жасырып қалған тергеуші сотталды

тергеуші

«Тоқтайтын түрі жоқ»: Депутат Алматыдағы апаттан кейін жазаны күшейтуді талап етті

мұрат әбен

Ұлттық қордан бөлінген қаржыны тексергеннен кейін бірнеше қылмыстық іс тіркелді

Тексеру