USD
USD
USD

"Канело" WBO белбеуінен бас тартты

Мексикалық Сауль Альварес жартылай ауыр салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулынан бас тартты, – деп хабарлайды Golden Boy Promotions баспасөз қызметі​. 

"Канело" WBO белбеуінен бас тартты
Фото: NEGE.kz

Fkvfns6 NEGE. "Рингтегі жетістіктерімнен соң фанаттарым мен елімді мақтаныш кернегенін білемін. WBO-мен қарым-қатынасым бұрыннан жақсы, олардың боксты сақтап қалу және дамыту бойынша жұмысын бағалаймын. Біздің келісіміміз WBO-ға жартылай ауыр салмақта өз титулын тұрақты түрде сарапқа салуға мүмкіндік береді, ал мен кез келген салмақтағы ең үздік қарсыластармен жекпе-жек өткізе аламын", – деп келтірді "Канелоның" сөзін Golden Boy Promotions баспасөз қызметі. 

Альварес 2 қарашада ресейлік Сергей Ковалевті нокаутпен жеңгеннен кейін WBO чемпионы титулын еншілеген еді. Осылайша, мексикалық боксшы карьерасында төртінші салмақ дәрежесін бағындырған. Қазір Альваресте орта салмақта WBC (Franchise) және WBA (Super) және екінші орта салмақта WBA (Regular) титулы бар.  Бұған дейін мексикалық боксшы WBA (Regular) белбеуін бос қалдыратыны хабарланған, оны "Канело" әлі қорғаған жоқ.  Альварестің келесі жекпе-жегі 2020 жылы мамырда өтуі мүмкін. Мексикалық боксшы кездесу үшін екі салмақ дәрежесінің бірін таңдап жатыр.

Қазір оқып жатыр

Полициядан қашқан жүргізуші автобуспен соқтығысып, қаза тапты

Қостанай ПД

«Ордабасы» ҚПЛ жеңімпазы атанды

Ордабасы

«Тентек» шахтасы кейінгі он жылда алғаш рет миллион тонна көмір өндірді

.

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet