USD
USD
USD

«Канело» Қазақстанға келуі мүмкін

Екінші орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы Сауль "Канело" Альварес (59-2-2, 39 КО) Қазақстанға қонақ болып келуі мүмкін. Әйгілі боксшыны елде жыл соңында өтетін бокс кешіне шақырыпты, деп хабарлайды Vesti.kz

«Канело» Қазақстанға келуі мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Инсайдерлік ақпарат бойынша, Альварес күзде Алматы немесе Астанада өтетін бокс кешіне шақырту алды, оның шеңберінде боксшымен жанкүйерлерінің кездесуі де жоспарланған екен. Бұған мексикалық боксшы алдын ала келісім берген көрінеді.  

Альварес келесі жекпе-жегін 30 қыркүйек күні Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) өткізеді. Қарсыласы – бірінші орта салмақтағы абсолют чемпион америкалық Джермелл Чарло (35-1-1, 19 КО).

Айта кетейік, "Канело" қазақстандық Геннадий Головкинмен үш жекпе-жек өткізген. Біріншісі тең аяқталса, кейінгі екеуінде төрешілер Альваресті жеңімпаз деп таныды. 

Қазір оқып жатыр

Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 101 долларға дейін төмендеді

мұнай

Астанада апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге «секс-притон» ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Күдіктінің үйін тінту сәті

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Мың доллардың футболкасын кім алады?»: Миллионер Арсен Томский Esentai Mall-дағы бағаға таңғалды

Арсен Томский