USD
USD
USD

«Канело» Головкинмен шаршы алаңға шыққысы келеді

Суперорта салмақтағы абсолют чемпион Сауль «Канело» Альварестің (57-1-2, 39 КО) бапкері Эдди Рейносо қоластындағы боксшыны неліктен Давид Бенавидеспен 25-0, 22 КО) бір алаңда көрмейтінін түсіндірді.

«Канело» Головкинмен шаршы алаңға шыққысы келеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сонымен қатар Геннадий Головкинмен 41-1-1, 36 КО) өтетін үшінші айқастың мақсаты туралы айтты.

Коучтың айтуынша, Бенавидестің айтарлықтай жетістіктері жоқ.

«Ол ешқандай рекорд жасамады, боксшы жеңген Энтони Диррелл де өз салмағында ерекшеленбеген. Көбі Бенавидесті асыра бағаланған деп санайды. Ол да әлем чемпионы болды, алайда тәртіптің жоқтығынан титулын жоғалтқан болатын – бір рет допинг үшін, екінші рет салмағы үшін. Оның атағына кір келді. Боксшы қарсыластарын нокаутқа жіберіп, соққыларды жаудырады, сол себепті Сауль үшін өте ауыр қарсылас болар еді. Бізге онымен не үшін айқасу керек? Оның айтарлықтай жетістіктері жоқ, әлсіз қарсыластармен ғана алаңға шығады», - деді ол.

Рейносо Альвареске 76,2 кг салмақта қызық болатын екі қарсыластың атын атады.

«Бізге мықтылармен жекпе-жекке шығуға тырысу керек. Біздің Джермалл Чарло және Геннадий Головкинмен алаңға шыққымыз келеді», - деді коуч. Ол үшін GGG суперорта салмаққа ауысуы керек.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Трамп ұлдары

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Азамат Капенов

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Қайсар Хамза