USD
USD
USD

«Канело»: Головкинді нокаутқа жіберемін

Төрт салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы және «pound-for-pound» рейтингісінің бұрынғы көшбасшысы мексикалық Сауль Альварес 18 қыркүйекте Лас-Вегаста (АҚШ) өтетін қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші айқасы нокаутпен аяқталады деп есептейді. Бұл туралы ktk.kz хабарлады.  

«Канело»: Головкинді нокаутқа жіберемін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  «Бізді жақсы жекпе-жек күтіп тұр. Головкин – керемет және қауіпті қарсылас. Бірақ, мен нокаутқа жіберемін деп ойлаймын, оған еш күмән жоқ. Оған ынтам зор. Рингіге оралатын күнді асыға күтіп жүрмін. Бар күшімді салып жаттығып жатырмын. Нокаут – бұл айқастың жалғыз мүмкін нәтижесі», - деді Сауль Альварес журналистермен кездесуде. 

Еске салайық, Канело мен Геннадий Головкиннің бірінші айқасы 2017 жылы өтіп, тең нәтижемен аяқталды. Рематч 2018 жылы болды және онда Альварес төрешілердің басым дауысымен жеңіске жетті.

Қазір оқып жатыр

Саша Барон Коэн «Борат» үшін қазақтардан кешірім сұрады

Борат

К1 жетіп тұр. Нұрбанк НЕГЕ қарыздың жартысын келесі жылы қайтаруы мүмкін?

Nur

Бай азаматтарға салынатын салық: Бектенов бір ай уақыт берді

Олжас Бектенов

Жәрдемақы алу тәртібі өзгереді: енді отбасының қарызы да есепке алынады

Көпбалалы аналар