USD
USD
USD

«Канело» – әлемнің абсолютті чемпионы

Бүгін Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) MGM Grand аренада мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес супер орта салмақтағы абсолют әлем чемпионы атанды.

«Канело» – әлемнің абсолютті чемпионы
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 31 жастағы «Канело» өзінен екі жас кіші америкалық Калеб Плантпен жекпе-жек өткізді. Екеуі «Канелоның» WBA, WBC және WBO чемпиондық белбеулері мен Планттың IBF титулдарын бәске тікті. 

12 раундтық жекпе-жек соңына дейін жетпеді. Альварес бірінші раундтан бастап үстемдік етті. 11-раундта ол алдымен Плантты нокдаунға түсіріп, артынша нокаут тіркелді. 

Айта кетейік, Альварес қатарынан сегізінші жекпе-жегінде жеңіп отыр. Ол соңғы рет 2017 жылдың қыркүйегінде қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) алғашқы жекпе-жегін тең өткізген кезде рингтен жеңіссіз қайтқан. Бұл – мексикалықтың карьерасындағы 57-жеңіс, 39-мерзімінен бұрынғы жеңіс. Ал Плант алғаш рет жеңіліс тауып отыр. Ол бұған дейін 21 рет жеңген. 

Айта кетейік, «Канело» жекпе-жек алдында GGG 76,2 келіге дейінгі супер орташа салмаққа көтерілсе, онымен үшінші жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеген болатын. 

Қазір оқып жатыр

Өнеркәсіптен креативті экономикаға дейін: «Әділет» партиясының штабы Атыраудың тұрғындарымен кездесті

.

Ризван Гусейнов: Құрылтай сайлауы Қазақстанның саяси жаңғыруындағы маңызды кезеңге айналады

.

«Самұрық-Қазына» «Қазақстан халқына» қорына 62,2 млрд теңге бөледі

«Самұрық-Қазына»

Алматыда жекеге заңсыз өткен теміржол ауруханасы мемлекетке қайтарылды

Теміржол апаттар медицинасы госпиталі