Кандидат Мейрам Қажекен: Жастарға тегін білім алуға мүмкіндік беру керек
20 қарашада өтетін кезектен тыс президент сайлауына орай бүгін кандидаттар арасында өткен телевизиялық пікірсайыс өз мәресіне жетті.
Алматы, NEGE. Бұл раундта соңғы болып сөз алған Мейрам Қажыкен әрбір Қазақстан азаматына теңдей мүмкіндік беру қажеттігін айта келе жастарға ерекше үміт артатынын білдірді. Жоғары білім беру саласы жаңғыртылып, жастарға тегін білім алуға мүмкіндік берілетінін атап өтті.

«Өңірлерді мемлекеттік басқару жүйесі дамитын болады. Әкімдердің дербес шешім қабылдау мүмкіндігі кеңейеді. Қуатты өңірлер – қуатты республика. Халық барлық әкімді өзі сайлайды. Бұл азаматтардың жергілікті биліктің халық алдындағы шешім қабылдау және есеп беру деңгейін арттыратын болады», – деді ол.
«Пікірсайыс сессиясы» деп аталған келесі кезеңде телевизиялық пікірсайысқа қатысушылар өзі таңдаған 2 оппонентке сауал қойып, тұщымды жауап алды. Регламентке сәйкес, қатысушы сұрағын 30 секунд ішінде қойып, оппоненті 2 минуттың ішінде жауап беруге тырысты.
Ал «сайлаушылардың сұрақтары» деп аталған үшінші кезеңде кез келген азаматқа кандидатқа сұрақ қою мүмкіндігі берілді. Айта кетерлігі, Телеарна ел азаматтарына 10 қарашаға дейін «КАНДИДАТТАН СҰРА!» деген айдармен кез келген кандидатқа бейне форматта сауал жолдау мүмкіндігін ұсынған болатын.
Төртінші раунд «Сайлаушыларға үндеу» деп аталды. Оның барысында теледебатқа қатысшылар сайлаушыларға үндеу жолдау мүмкіндігіне ие болды.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың 20 қарашасында кезектен тыс президент сайлауы өтеді.