USD
USD
USD

Қандастардың артық төлем алуы үшін қолдан құжат жасаған азамат ұсталды

Алматы облысының тұрғыны қандастарға артық төлем алуға құқық беретін құжаттарды қолдан жасаған, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.

Қандастардың артық төлем алуы үшін қолдан құжат жасаған азамат ұсталды
Фото: NEGE.kz

Ақмола, NEGE. Агенттіктің Алматы облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 1971 жылы туған азамат Исхан Ұланды анықтады.

Ол Қытай Халық Республикасынан келген қандастарға жоғары әлеуметтік және зейнетақы төлемдерін алуға құқық беретін жалған еңбек кітапшаларын дайындаумен және сатумен айналысқан.

Тексеру барысында ҚХР түрлі ұйымдарының мөртабандары мен мөрлерінің жалған баспа-таңбалары, нотариустың мөрі мен қолы бар нотариаттық бланкілері, кесуге арналған станок және оның көмегімен жасалған жалған құжаттар (еңбек кітапшалары, туу туралы куәліктер және неке қию туралы куәліктер), басқа да заттар табылды және тәркіленіп алынды.

Исхан Ұлан сотталды.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе