30 Желтоқсан 12:28
...

Қандастарды қабылдаудың 2026 жылға арналған өңірлік квотасы бекітілді

ortcom.kz
Фото: ortcom.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, келер жылға арналған өңірлік квота 8 278 адамды қамтымақ. 

Астана, NEGE. Ведомство ақпаратына қарағанда, қандастар үшін Павлодар облысына көбірек квота қарастырылған.

2026 жылы өңірлік квота облыстар бойынша төмендегідей бөлінеді:

  • қандастар үшін:
  • Павлодар облысы – 977 адам;
  • Ақмола облысы – 285 адам;
  • Абай облысы – 264 адам;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 200 адам;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 200 адам;
  • Қостанай облысы – 200 адам;
  • Атырау облысы – 125 адам;
  • Батыс Қазақстан облысы – 30 адам.
  • қоныс аударушылар үшін:
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 2 820 адам;
  • Павлодар облысы – 1 655 адам;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 600 адам;
  • Қостанай облысы – 485 адам;
  • Абай облысы – 275 адам;
  • Ұлытау облысы – 125 адам;
  • Қарағанды облысы – 37 адам.

Сондай-ақ министрлік қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген адамдарға мемлекет тарапынан қолдау шарасы көрсетілетінін еске салды.

 Атап айтқанда:

  • көшуге субсидиялар – отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК бойынша біржолғы төлем;
  • 12 ай ішінде бір отбасына 15-тен 30 АЕК-ке дейін төленетін тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды жабу үшін субсидиялар;
  • 400 АЕК мөлшерінде қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс берушілер үшін субсидиялар;
  • қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жолдама;
  • жұмысқа орналасуға немесе кәсіпкерлік бастаманы дамытуға жәрдемдесу;
  • тұрғын үй сатып алуға экономикалық мобильділік сертификаттарын беру.