Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қандастар жерді қандай мақсатта ала алады?

Қандастар Қазақстан азаматтығын алғаннан кейін ғана ауыл шаруашылығы жерін жалға ала алады. Бұл туралы бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрманов айтты.

Қандастар жерді қандай мақсатта ала алады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «2016 жылдың 6 мамырында жер кодексінің кейбір нормаларына мораторий енгізілді. Мораторий мерзімі 2021 жылдың 31 желтоқсанында аяқталады. Мораториймен ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік компанияларға, сондай-ақ шетелдік үлесі бар қазақстандық компанияларға жалға беруге шектеу қойылды. Мораторий мерзімі аяқталатындығына байланысты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылдың 25 ақпанында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге және шетелдік компанияларға, шетелдік үлесі бар қазақстандық компанияларға, азаматтығы жоқ адамдарға, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтарға, сондай-ақ қандастарға беруге толық тыйым салу туралы саяси шешім қабылдады», - деді вице-министр.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заң жобасы жөніндегі жұмыс тобының отырысында. Оның атап өтуінше, Мәжіліске енгізілген жер қатынастары мәселелері бойынша заң жобасында мораторийге дейін шетелдіктер мен шетелдік үлесі бар қазақстандық компаниялар жалға алған ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалану мерзімі ұзартылмайды.

«Алайда, пайдалану мерзімі аяқталғанға дейін қолдана алады. Сондай-ақ қандастар қосалқы шаруашылық, бау-бақша және саяжай құрылысы үшін жер ала алады. Бірақ, ауыл шаруашылығы жерін Қазақстан азаматтығын алғаннан кейін ғана жалға алуға мүмкіндігі бар», - деді Рүстем Құрманов.

Қазір оқып жатыр

Қостанай елдің тәтті тағамдар астанасына айналуда: «Баян сұлу» жаңа жобаны іске қосты

"Баян сұлу"

Kinopark фильмдерді прокатқа шығару үшін 60 млн теңгеге дейін жарнама ақысын талап еткен

Kinopark

Қарағандыдағы дүкендердің бірінде кәсіпкер күрішті 160 пайызға қымбат сатқан

күріш

Ұлттық банктен кеткен Шолпанқұлов Solva Group директорлар кеңесінің құрамына кірді

Берік Шолпанқұлов