USD
USD
USD

Қандастар ҰБТ-ны 19 шілдеде тапсырады

Қытай, Моңғолия және Өзбекстандағы қандастар үшін ҰБТ 2020 жылғы 19 шілдеде өткізілетін болды, деп хабарлайды  Ұлттық тестілеу орталығы.

Қандастар ҰБТ-ны 19 шілдеде тапсырады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Түлектер мен ата-аналарының өтінішін ескере отыра, сонымен қатар, онлайн форматтағы тестілеуді өткізуге техникалық тұрғыдан тестіленушілердің дайындығы қажет болғандықтан тестілеу шілденің 17-нен 19-на ауыстырылды», делінген орталықтың Facebook-тегі парақшасында. Қандастарға арналған Ұлттық бірыңғай тестілеу 19 шілде күні таңғы сағат 10.00-де (Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен) онлайн форматта өткізіледі. Яғни әр тестіленуші үйінде отырып, ҰБТ тапсырады.

«Ол үшін әр тестіленушіге ғаламторға қосылған компьютер (1 024 Mбит/сек- жылдамдығын speedtest.net сайтында тексеруге болады), «Google Chrome» браузері, веб-камера және онлайн форматта Youtube каналына тестілеуді түсіру мүмкіндігі бар смартфон қажет болады. Қосымша ақпаратты 18 шілде күні өтініштерді тіркеген жоғары оқу орындары береді (тестілеуге кіруге арналған сілтеме мен логин/құпиясөз)», делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Жасанды интеллект дәуіріндегі кино: Қазақстанда халықаралық AI Film Festival өтеді

Кино

«Қызымды өзім қарсы алдым»: Төреғали Төреәлі жеті перзенттің әкесі атанды

Төреғали Төреәлі

Абай облысында жоғалып кеткен үш жасар баланы полицейлер ен даладан тапты

бала

Астана емханасында емге бөлінген қаржы Италия сапарына жұмсалған

Аурухана