USD
USD
USD

Қандас мәртебесін 3 күннің ішінде алуға болады

 «Отандастар» қоры елімізге қоныс аударған қандастарға көші-қон үрдісіндегі талаптарды түсіндіру мақсатында дайындалған бейнеролик жариялады.

Қандас мәртебесін 3 күннің ішінде алуға болады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазақстан Республикасына келген этникалық қазақтар қандас мәртебесін алу үшін тұрғылықты жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына өтінішін бере алады. Қандас мәртебесі бір жыл мерзімге беріледі және Қазақстан азаматтығын алған жағдайда тоқтатылады» делінген қордың Instagram парақшасында жарияланған бейнероликте.

Қордың түсіндіруінше, қандас мәртебесін алу үшін ХҚО-ға еркін нысанда жазылған өмірбаян, жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмесін, нотариалды куәландырған аудармасымен, жеке басын куәландыратын құжаттарда ұлты жазылмаған жағдайда өтініш берушінің ұлтын растайтын басқа да құжаттар тапсырылады. Құжаттарды қарау және қандас мәртебесін беру өтініш тіркелген күннен бастап 4 жұмыс күні ішінде, егер өтініш берушінің жеке сәйкестендіру нөмірі болған жағдайда 3 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық