USD
USD
USD

Қандай жағдайда вакцина салдырмауға болады?

Елімізде коронавирусқа қарсы вакцинаны қандай жағдайда кейін салғызуға болатыны айтылды.

Қандай жағдайда вакцина салдырмауға болады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаевтың сөзінше, бірінші кезекте, аллергиясы тұрғындар вакцинаны салдырмауына болады. Дегенмен олар міндетті түрде диспансерлік есепте тұруы керек.

"Бүкіл жерде, әрбір денсаулық карточкасында аллергия байқалатыны және қандай дәрілік препараттарға немесе химиялық реагенттерге аллергия бар екені жазылатын баған бар. Сондықтан, бұл жерде дәлелдеудің қажеті жоқ, өйткені бәрі медициналық тарихта сипатталған. Ал квинкенің ісінуі, тұншығу тәрізді аллергияның ауыр түрлері бар адамдар, әрине, олар ерекше есепке алынады"- деді ол.

Айтуынша, қабылдау пунктінде науқастың ауру тарихында қандай да бір дәрілік аппараттарға ғана емес, бояғыштарға немесе басқа химиялық және органикалық заттарға реакциялар байқалатыны көрсетілсе, анамнез жиналады. 

"Әрине, оларға вакцина салу кейінге қалдырылып, зерттеу жүргізу үшін тұрғылықты жері бойынша үйіне жіберіледі", - деді Табынбаев.

Бұған қоса, ол жүкті әйелдер вакцинаны салғызуына болады ма деген сұраққа жауап берді. 

"Ресейде жүкті әйелдерге вакцина салуға рұқсат берілді деген хабар келді, бірақ біздің Денсаулық сақтау министрлігімізден Қазақстанда да жүкті әйелдерге салуға болады деген бұйрықты алған жоқпыз. Ол әлі зерттеліп жатыр", - деді ол.

Қазір оқып жатыр

«Балапанға» түскен жігіт продюсерден зорлық көргенін айтты

.

Анталияда таксимен соқтығысқан қазақстандық көз жұмды

.

Төлеутай Рақымбеков «Ауыл» партиясынан шықты

.

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады

Жақсылық Омар