USD
USD
USD

Қандай жағдайда қатаң карантин мен локдаун енгізіледі?

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов Қазақстанда қандай жағдайда локдаун енгізілетінін айтты.

Қандай жағдайда қатаң карантин мен локдаун енгізіледі?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Дельта» штамның таралуын ескере отырып, соңғы екі аптада республиканың барлық өңірінде аурушаңдық көрсеткіші өскені байқалады. Өсім 1,9 есе. Өңірлер бойынша 8 шілдеде инфекциялық төсек-орын 37 пайызға, реанимациялық төсек-орын 32 пайызға қамтылған», – деді Шоранов ОКҚ онлайн-брифингінде.

«Елімізде қатаң карантин енгізу жоспарда бар ма? Бұрын сіз локдаун енгізу үшін төсек-орын 70 пайызға толуы керек деп айтқансыз. Бүгінде бұл ережелер бар ма?» - деп сұрады тілші ОКҚ онлайн-брифингінде.

«Бүгіне бұл ережелер сақталған. Біз міндетті түрде осы ережелерді ұстанамыз. Қазір республика бойынша төсек-орындардың 37 пайызы толған. Барлық мүмкіндікті пайдаланамыз. Көрсеткіш 70 пайыздан асса бұл мәселені қарастыруға тура келеді»,  –  деп жауап берді Шоранов.

Бұған дейін Денсаулық сақтау міністірлігі неге коронавирусқа қарсы вакцина салдыру тегін, ал ПТР-сынама тапсыру ақылы деген сұраққа жауап берген болатын.

Қазір оқып жатыр

Қарашадағы жиналыс. «Алтыналмас» НЕГЕ дайындалып жатыр?

Almas

Отбасы банк қарызды өтеу үшін несие беруді уақытша тоқтатты

Отбасы банк

Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы 4 жылға сотталды

Қадырбек Атамбаев

«30 доллардан басталады»: мамандар киберқылмыс қызметінің бағасын анықтады

хакер