USD
USD
USD

Қанат Исламның кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды

Қазақстандық орта салмақтағы боксшы Қанат Исламның (28-0, 22 КО) келесі қарсыласы кім болатыны белгілі болды.

Қанат Исламның кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазақтың» рингке оралуы 2022 жылдың 21 қаңтарында АҚШ-тың Флорида штатына қарасты Плант-Ситиде өтеді. Боксшының қарсыласы британдық Джимми Келли (25-2, 10 КО) болмақ.

Манчестердің 29 жастағы тумасы соңғы жекпе-жегін өткізгеніне көп уақыт өткен жоқ – 12 желтоқсанда Экклсте үшінші раундта өз отандасы Гарри Мэттьюсті (16-50-3, 2 КО) нокаутқа жіберді. 2015 жылы Келли WBO нұсқасы бойынша бірінші орта салмақтағы әлем чемпионы титулы үшін оның сол кездегі иегері – Лиам Смитпен жұдырықтасты, алайда сол кезде техникалық нокаутпен жеңіліп қалған болатын. Қанат Ислам соңғы жекпе-жегін 20 ақпан күні Майамиде өткізген.

Эквадорлық боксшы Джейсон Миндумен(14-5-1, 8 КО) болған жекпе-жектің жетінші раундында қарсыласын техникалық нокаутпен жеңген. Бұл – қазақстандық боксшының 2019 жылдан бері рингке бірінші шығуы еді.

Қазір оқып жатыр

Саша Барон Коэн «Борат» үшін қазақтардан кешірім сұрады

Борат

К1 жетіп тұр. Нұрбанк НЕГЕ қарыздың жартысын келесі жылы қайтаруы мүмкін?

Nur

Бай азаматтарға салынатын салық: Бектенов бір ай уақыт берді

Олжас Бектенов

Жәрдемақы алу тәртібі өзгереді: енді отбасының қарызы да есепке алынады

Көпбалалы аналар