USD
USD
USD

Қанат Ислам жеңіліп қалды

Бүгін қазақстандық боксшы Қанат Ислам кәсіпқой бокста тұңғыш рет жеңіліс тапты.

Қанат Ислам жеңіліп қалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ол WBO Global чемпиондық белбеуін үшін британдық Джимми Келлимен (25-2, 10 КО) жұдырықтасты. 10 раундқа созылған жек-жек қорытындысында төрешілер бірауыздан Келлиді жеңімпаз деп тапты. Осылайша, қазақстандық кәсіпқой боксшы алғаш рет қарсыласына жол берді.

Жекпе-жек кеші Плант-Ситиде (Флорида штаты, АҚШ) өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Қанат Ислам алғашқы жоспар бойынша 2022 жылдың 21 қаңтарында жұдырықтасуы керек болатын.

Алайда, коронавирус шектеулеріне байланысты жарыс кейінге шегерілді. Джимми Келли соңғы кездесуін өткен жылдың 12 желтоқсанында өзнің отандасы Гарри Мэттьюспен (16-50-3, 2 КО) өткізіп, қарсыласын нокаутқа жіберген.

Ал Қанат Ислам соңғы жекпе-жегін өткен жылы 20 ақпан күні Майамиде өткізді. Эквадорлық боксшы Джейсон Миндумен (14-5-1, 8 КО) болған жекпе-жектің жетінші раундында қарсыласын техникалық нокаутпен жеңген.

Қазір оқып жатыр

Щучинскіде сүйіктісін ұрып өлтірген ер адам 10 жылға сотталды

кісі өлімі

12 жылдық үкім жойылды: Шымкентте ҰҚК-нің бұрынғы подполковнигінің ісі қайта қаралады

Манат Сарбасов

Саша Барон Коэн «Борат» үшін қазақтардан кешірім сұрады

Борат

К1 жетіп тұр. Нұрбанк НЕГЕ қарыздың жартысын келесі жылы қайтаруы мүмкін?

Nur