USD
USD
USD

Қанат Ислам WBC рейтингінде жоғары көтерілді

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) барлық салмақ бойынша жаңартылған рейтингтің тізімін жариялады.

Қанат Ислам WBC рейтингінде жоғары көтерілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Айта кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты рейтингтегі көптеген қазақстандық боксшы жыл басынан бері кездесу өткізген жоқ. Бірақ оған қарамастан рейтингте жоғары орындарда тұр. 

Польшалық боксшы Камиль Соколовскиді жеңген ауыр салмақтағы боксшымыз Жан Кособуцский рейтингке қосылып, 39-орынға жайғасыпты. 

Екінші орта салмақта WBC International Silver белбеуінің иегері Али Ахмедов 14-орыннан, 13-орынға көтерілген. Ал WBC Asia, WBA International және WBO Global белбеулерінің иегері Айбдос Ербосынұлы болса 24-сатыдан 15-сатыға бірақ көтерілген.  

WBC Continental Americas және WBO Global чемпионы орта салмақта өнер көрсететін Жәнібек Әлімханұлы тоғызыншы орында қалса, осы салмақта сынға түсетін USNBC белбеуінің иегері Мейірім Нұрсұлтанов 19-орыннан 20-орынға төмен түскен. 

Бірінші орта салмақта сынға түсетін Қанат Ислам мен Садриддин Ахметов бір саты көтерілген. Ислам 23-орынға, Ахметов-26 орынға жайғасыпты. 

Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын Олимпиада ойындарының чемпионы Данияр Елеусінов 33-орыннан 29-орынға жоғарылапты. 

Батыр Жүкембаев болса жартылай орта салмақты рейтингінде оныншы орнын сақтап тұр. 

Қазір оқып жатыр

ТЖМ-нің жоғары лауазымды қызметкері түнде шу шығарды ма: Полиция не дейді?

Ерлан Төрегелдиев

Астанада жолаушыға әдепсіз ұсыныс жасаған таксист 10 тәулікке қамалды

Жүргізуші

Түркістан облысында зейнеткердің үйін жөндеп бермек болған еріктілер шатырдан 5 млн теңге тауып алды

Ақша

Қазақстанда мәслихат сайлауы өтетін күн белгілі болды

Құрылтай сайлауы