USD
USD
USD

Қанат Ислам қарсыласын нокаутқа түсірді

Қанат Ислан эквадорлық Джейсон Минданы нокаутқа түсірді.

Қанат Ислам қарсыласын нокаутқа түсірді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қанат Ислам Майамидегі (Флорида штаты, АҚШ) бокс кешінде рингке шықты. Қарсыласы кездесу қарсаңында өзгерді. Бастапқыда 35 жастағы Исламның қарсыласы 33 жастағы ганалық Ободай Саи болуы керек еді. Бірақ кейін қазақстандыққа қарсы эквадорлық Джейсон Минда шығатыны анықталды. 

Кездесу 10 раундқа жоспарланған, бірақ жетінші раундта аяқталды. Бастапқыда қазақстандық өз қарсыласын төртінші раундта нокдаунға түсірсе, кейін жетінші раундта рефери тағы да бір нокдаун санады. Бірақ артынша Қанат Ислам қарсыласын нокаутқа түсірді.

Қанат Ислам бір жылдан аса уақытқа созылған үзілістен кейін рингке оралып отыр. 2019 жылдың қазанында ол Алматыда намибиялық Уолтер Каутондокваны жеңіп, орта салмақтағы WBO International титулын қорғап қалған еді.

Қазір оқып жатыр

Қаза тапқан полицейлердің әйелдеріне төлемді қайта есептейді: ІІМ қателігін мойындады

ІІМ

Шымкентте полицей отырған қызметтік көліктен есірткі табылды

Полиция көлігі

Санжар Боқаевтың ісі: видеограф кінәсін мойындап, куәлік етуге дайын екенін айтты

кісі өлімі

Маңғыстауда алаяқтық дерегі бойынша танымал блогер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды

Салтанат Аманқосова