Қанат Дүйсенов: Басты мақсатым – табиғатты қорғау!
Экология тірі ағзалардың бір-бірімен және қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін биология ғылымының саласы десек, осы салада қызмет етіп жүрген қауымның еңбегі ерен. Сондай жанның бірі – Қанат Дүйсенов.
Қанат Дүйсенов "Іле-Алатау" ұлттық паркінде 24 жылдан бері қызмет етеді. Лауазымы – инспектор. Ширек ғасырға жуық уақыт ішінде қаншама қызықтарға кезіккенін айтады. Басты мақсатының бірі орманды қорғау екенін жеткізді.
«Менің басты мақсатым – орманды, табиғатты қорғау. Өртті болдырмай, алдын-алу. Қоқыс қалдықтарын тастаған демалушылармен жұмыс жасап, тазалықты сақтауға шақыру. Ең басты қадағалайтынымыз орман аумағында заңсыздыққа жол бермеу»
Ұлттық парктегі орман инспекторы табиғатты кейінгі ұрпаққа аман жеткізуді мақсат ететінін айтты. Бұл мақсатта "Іле-Алатау" ұлттық паркінің "Аюсай" шатқалында жаңадан ашылған визит-орталық жұмысының табиғатты қорғау ісінде үлкен рөл атқара бастағанын тілге тиек етті.
-
Тақырыпқа орай: Аюсайдағы визит-орталықтың ерекшелігі неде?
Естеріңізде болса, еліміздің ұлттық парктерінде экотуризмді дамытып жатқан «Turanga Group» компаниясы ең бірінші визит-орталығын «Аюсай» шатқалында ашқан болатын. Онда келушілерге таудағы қауыпсіздік жөніндегі дәрістер оқылып, соқпақтар мен әдемі жерлердің маршруттары карта ретінде ұсынылады. Сонымен бірге Қазақ жерінің флорасы мен фаунасы бейнеленген сувернирлер сөреге қойылған. Заманауи дәретхана мен ыстық шәй ішетін орындар ұйымдастырылған.
- Тақырыпқа орай: "Іле-Алатау" ұлттық паркінің сервисі дами бастады
Ғалымдардың айтуынша, бұл өркениетті экотуризмнің нышаны. Келушілерге табиғат аясында өзін ұстау мәдениетін қалыптастыру ісінде визит орталықтар, ондағы ақпараттар, гидтер мен карталар үлкен рөл ойнайды. "Аюсай" шатқалындағы визит орталық осындай нысандардың алғашқысы. Экотуризмді дамыту жоспарында елдегі ұлттық парктерде осындай орталықтар ашу көзделген.