USD
USD
USD

Қанат Бозымбаев энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолын айтты

Алматы облысында толық энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізу көзделуде. Бұл туралы облыс әкімі Қанат Бозымбаев  баспасөз мәслихатында мәлімдеді. 

Қанат Бозымбаев энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолын айтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Қазіргі күні облыста  электр энергиясын тұтыну  730,65 МВт құрайды. Оның ішінде меншікті өндіріс 313,18 МВт, оның ішінде ЖЭК үлесі - 78 МВт немесе 25%. 2025 жылға дейін жалпы қуаты 398 МВт болатын 320,2 млрд.теңгеге 26 жобаны іске асыру және ЖЭК үлесін 42%-ға дейін жеткізу жоспарлануда. Биыл  179,5 МВт құны 98,7 млрд.теңгені құрайтын 6 нысан іске қосылады.

«Елімізде бірнеше жылдан соң, энергия тапшылығы болуы мүмкін. Энергия көздерін қолдану жыл сайын артып келеді. Сондықтан, бізде энергия қоры болуы тиіс. Әрине, халықта «Чернобыль» оқиғасынан кейін қорқыныш бар. Алайда, біз алға жылжуымыз керек. Мен қазір өңір басшысы ретінде станция салынатын орынды таңдауда көмектескенім дұрыс. Ал, станция Балқаш та ма, әлде Ертісте салына ма білмеймін. Алайда, бұл мәселеге өте мұқият келу керек. Және де ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілуі тиіс. Ал, елімізде неілктен атом электр станциясы салынбақшы? Себебі, бұл экологиялық таза, табиғи таза энергия. Алматы облысында жаңартылатын энергетиканы дамыту нәтижесінде 64 мың жаңа жұмыс орны ашылмақ», - деді Бозымбаев.

Қазір оқып жатыр

Сәтпаев Англияда алғаш рет матчтың үздік ойыншысы атанды

Дастан Сәтпаев

Қазақстан «Росатом» компаниясымен алғашқы АЭС-ті салу туралы келісімшартқа қол қойды

АЭС салу туралы келісімшарт

Тоқаев қорғаныс және ішкі істер министрлерін қайта тағайындады

тағайындау

Журналистер Құрылтай депутаттарымен енді қалай жұмыс істейді – Аппарат түсіндірді

жаңа құрам