USD
USD
USD

Қанат Бозымбаев Солтүстік Қазақстан облысының су тасқынына дайындығын тексерді

Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша вице-премьер Қанат Бозымбаев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысында болып, су тасқыны қаупі бар аймақтарды аралады.

Қанат Бозымбаев
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Шал ақын ауданына қарасты Сергеевка қаласында Қанат Бозымбаев Сергеев су торабының жағдайын тексерді. Бұл нысан – Есіл өзенінің ағынын реттейтін және су ресурстарымен қамтамасыз ететін стратегиялық нысан. Өткен жылдан бері мұнда нығайту, түбін тереңдету және жағалауларды шайылудан қорғау жұмыстары жүргізілуде. Қазір су тасқынының екінші толқынының шарықтау кезеңі өтіп жатыр. Сонымен қатар, вице-премьер Есіл өзенінің бойында орналасқан Николаевка, Покровка, Явленка, Большая Малышка және Соколовка ауылдарындағы жағдайды тексерді.

Облыс бойынша су басу қаупі бар 116 елді мекен бар. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың айтуынша, жағдай тұрақты бақылауда. Облыста су тасқынына қарсы 109 іс-шарадан тұратын инженерлік жұмыстар жоспары іске асырылуда. Нәтижесінде 60 елді мекенде су басу қаупі төмендеді. 47 шақырым жаңа бөгет салынып, 41 шақырым қорғаныс біліктері нығайтылды. Автожолдарға 108 су өткізу құбыры орнатылып, 10 шақырым су бұру арықтары тереңдетілді, 4 шақырым кіші өзен арналары тазартылып, 200 шақырым нөсер кәріз желісі тазарды.

Су тасқыны кезеңінің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету үшін Қанат Бозымбаев Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен ТЖМ-ге тәулік бойы тәуекел аймағындағы елді мекендерде, әсіресе саяжай алқаптарында мониторинг жүргізуді, су қоймаларындағы су деңгейін реттеуді және халықты су тасқынына қарсы іс-шаралар туралы уақтылы хабардар етуді тапсырды.

Қазір оқып жатыр

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті

«Самұрық-Қазына» басшысы Тоқаевқа 21 трлн теңге жұмсалатын жобалар туралы баяндады

"Самұрық-Қазына" қоры