USD
USD
USD

Қанат Бозымбаев «Семей орманы» резерватының өртке қарсы қызметтерінің жұмысын тексерді

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев жұмыс сапарымен Абай облысына барып, «Семей орманы» мемлекеттік табиғи резерваты аумағындағы өрт қауіпсіздігі шараларымен танысты.

Бозымбаев
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Инспекция аясында өрттен зардап шеккен аумақ қаралды. Биылғы өрт қаупі жоғары кезең басталғалы бері мемлекеттік орман қоры аумағында 5 орман өрті тіркелді. Жалпы от шарпыған аумақ 1040,49 гектар, оның ішінде 277,8 гектары орманмен көмкерілген. Қалпына келтіруді қажет ететін аумақ — 36 гектар.

Орман алқаптарын қалпына келтіру мақсатында резерватта 2,8 мың гектар жерге 9 млн-нан аса қарағай көшеттері отырғызылды. 2025 жылы қосымша 4,8 мың гектар жерге орман отырғызу жоспарланып отыр.

Тексеру қорытындысы бойынша Қанат Бозымбаев мемлекеттік орман қоры мен оған іргелес аумақтарда минералдандырылған өртке қарсы жолақтардың енін ұлғайтуды тапсырды.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек