USD
USD
USD

Қанат Бозымбаев Өскемен энергетикасының стратегиялық нысандарын аралады

Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Премьер-министрдің орынбасары қала тұрғындарының 80%-дан астамын жылумен қамтамасыз ететін Өскемен ЖЭО-ның жаңғырту жұмыстарымен танысты.

Үкімет
Фото: Үкімет

Алматы, NEGE. Биыл жөндеу және құрылыс жұмыстарына «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы аясында 7,5 млрд теңге бағыттау жоспарланған. Стансада 9 қазан агрегаты мен 8 турбоагрегатты жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, сондай-ақ Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту ұлттық жобасы аясында стансаны кеңейту бойынша жобалар іске асырылуда.

Қанат Бозымбаев сонымен қатар 4 мыңнан астам абонентті және бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорынды жылумен қамтамасыз ететін Согра ЖЭО-ны аралады. Соңғы үш жылда мұнда жабдықтың тозу деңгейі 63,25%-дан 61,87%-ға дейін төмендетілді. Биыл жөндеу жұмыстары жалғасады.

Бұдан бөлек, Қанат Бозымбаев Жаңа Согра ауылында салынып жатқан су тазарту нысандарының құрылысымен танысты. Кешеннің тәуліктік қуаттылығы 13 050 м³ құрайды.

Сапар қорытындысы бойынша вице-премьер Төтенше жағдайлар орталығында су тасқыны кезеңі және өрт қаупі жоғары маусымға дайындық мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жүк көліктерінің жүргізушілерін ереуілге шақырған ер адам ұсталды

.

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты