USD
USD
USD

Қанат Бозымбаев моноқалалар мен ауылдарды дамыту және Алатау қаласының бас жоспары туралы айтты

Үкімет өңірлерді орнықты және теңгерімді дамыту үшін Қазақстан Республикасының 2025-2030 жылдарға арналған өңірлік дамуы тұжырымдамасын бекітті.

Қанат Бозымбаев
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Үкіметте өңірлік даму, су ресурстары, «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын жүзеге асыру бойынша Президент тапсырмаларын орындау жөніндегі баспасөз мәслихатындаҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, тұжырымдама макроөңірлер мен өсудің жаңа бағыттары негізінде халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға және өңірлердің экономикалық әлеуетін ашуға бағытталған.

Әлеуметтік, инженерлік және көлік нысандарына қол жеткізудегі диспропорцияларды жоюға ерекше назар аударылуда. Өңірлік стандарттар жүйесі негізінде республикалық бюджеттен қаржыландыруда инфрақұрылымы нашар дамыған аймақтарға басымдық беріледі.

Сонымен қатар Үкімет моноқалаларды дамытудың жаңа шараларын әзірледі, оның ішінде ірі кәсіпорындар мен жергілікті тауар өндірушілер арасында ұзақмерзімді шарттар мен офтейк-келісімшарттар жасасу, индустриялық аймақтар құру, елішілік құндылық бағдарламаларын енгізу, шағын және орта бизнесті дамыту және тағы да басқа жайттар бар.

Одан бөлек Үкімет Алатау қаласын қалыптастыру және дамыту бойынша қарқынды жұмыс жүргізуде. Алатау қаласының бас жоспары бекітілді, Арнайы экономикалық аймақ және қаланы дамыту жөніндегі Жобалау кеңсесі құрылды, коммуникациялардың техникалық схемаларын әзірлеу жүргізілуде.

«Ауылдық аумақтарды дамытуға бағытталған барлық мемлекеттік шараларды, оның ішінде “Ауыл аманаты” және “Ауыл – ел бесігі” жобаларын үйлестіре отырып іске асыру қамтамасыз етіледі. Өңірлік даму жөніндегі жұмысты үйлестіру Үкімет жанындағы Жобалау кеңсесі шеңберінде жүзеге асырылады», — деп атап өтті Қанат Бозымбаев.

Қазір оқып жатыр

Шри-Ланка әуежайында 22 дін қызметкері есірткімен ұсталды

.

Әлемдегі жанармай дағдарысы: Қазақстан рейстерді қысқарта ма?

авиаотын

Министрлік Aitu қосымшасына қатысты «накруткаға» бақылау жасамайды

Aitu

«Кресло», «жалюзи», «комодқа» қазақша атау тапқанға ақша беріледі

кітап