USD
USD
USD

Қанат Бозымбаев «Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту» Ұлттық жобасын жүзеге асыру барысын тексерді

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев осы жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша Жол картасының аясындағы іс-шараларды іске асыру жөніндегі Жобалық офис отырысын өткізді.

Үкімет
Фото: Үкімет

Астана, NEGE. Бүгінгі таңда Ұлттық жобаны жүзеге асыруға бағытталған заңнамалық түзетулер Мәжілісте қаралуда. Отырыс қатысушылары норма шығармашылық қызмет пен оның ішінде табиғи монополиялар субъектілерінің (ТМС) займдары бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары жобасын әзірлеу барысы туралы есеп берді.

Сонымен қатар өткен тоқсанда қаржылық оператор ретінде «Бәйтерек»ҰБХ» АҚ-ның қызмет регламенті әзірленді, салалар мен өңірлер бөлінісінде желілердің тозуын төмендету бойынша талдау жүргізілді. Биылғы жылдан бастап Ұлттық жобаға қатысатын өңірлердегі пилоттық ТМС тізімі анықталды: электрмен жабдықтау саласында – 18, жылумен жабдықтау саласында – 19, сумен жабдықтау бойынша – 24, су бұру бойынша – 26 кәсіпорын.

Мердігерді ЕРС-келісімшарт арқылы іріктеу механизмдері, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу нормалары талқыланды. Конкурстық рәсімдер жүргізілетін бірыңғай электрондық платформа әзірленуде.

Бұдан бөлек, Ұлттық жоба «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның 19 жобасын қамтиды.

Отырыс қорытындысы бойынша Қанат Бозымбаев бірқатар мемлекеттік органдарға бюрократиялық рәсімдерді қысқартуды және осы жылдың жазында пилоттық жобаларды іске қосу үшін тапсырмаларды орындау қарқынын арттыруды тапсырды.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде учаскелік полицей қарт ананы 30 жыл көрмеген балаларымен қауыштырды

Айболат Бекнияз, Людмила Скрипник

Алматыда дәрігерлер екі жастағы баланың басына кіріп кеткен қайшыны алды

жарақат

Тоқаев ҰҚШҰ Бас хатшысы Таалатбек Масадыковты қабылдады

Тоқаев, Масадыков

Трейдерлер Қытайға экспорттан шет қалғанын айтып, дабыл қақты

.