USD
USD
USD

Қанат Бозымбаев Атырау облысының алдағы су тасқынына дайындығын тексерді

Вице-премьер Жылыой, Махамбет аудандарында, Құлсары, Атырау қалаларында болып, елді мекендерді үлкен судан қорғау жұмыстарын тексерді.

Үкімет
Фото: Үкімет

Алматы, NEGE. Жылыой ауданында Қамыскөл көлінің жағалауы нығайтылуда. Жем өзенінің арнасы 23 шақырым және Құрсай каналы 35 шақырым тереңдетілген. Нысандарға 100-ден астам техника жұмылдырылды.

Құлсары қаласында Қанат Бозымбаев тұрғындармен кездесіп, су тасқынынан зардап шеккендер үшін салынған тұрғын үйдің сапасын тексерді.

Махамбет ауданында Жайық өзенінің бойындағы жағалауды нығайту жұмыстарын тексерді. Махамбет ауылында 4,5 шақырымға созылған жағалау нығайтылып, Махамбет және Сарытоғай ауылдары арасындағы көпір құрылысы аяқталды. Ауыл ішіндегі жол жөнделуде.

Атырауда қала маңындағы Талғайран, Ақжар және Еркінқала ауылдарында қорғаныс бөгеттері салынуда. Алмалы ауылында «Сарыөзек» каналының бойындағы 5,6 шақырым бөгеттер нығайтылып, Жайық өзенінің бойында ұзындығы 2,5 шақырым жаңа жағалау бекіткіштері салынып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 101 долларға дейін төмендеді

мұнай

Астанада апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге «секс-притон» ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Күдіктінің үйін тінту сәті

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Мың доллардың футболкасын кім алады?»: Миллионер Арсен Томский Esentai Mall-дағы бағаға таңғалды

Арсен Томский