USD
USD
USD

Қанат Бозымбаев Алатау ауданын дамыту мәселелері бойынша Жобалау кеңсесінің отырысын өткізді

Қанат Бозымбаев Алатау ауданын дамыту мәселелері бойынша Жобалау кеңсесінің отырысын өткізді және кәсіпкерлермен кездесті.

Қанат Бозымбаев
Фото: Үкімет

Алматы, NEGE. Бүгінгі таңда Алатауда туризм, логистика, өнеркәсіп, білім беру және бизнес салаларында 11 жоба әзірленуде.

Қала аумағында ірі инвестициялық жобалар жоспарланған және оларды орналастыру бойынша алдын ала келісімдер инженерлік құрылыстар мен қорғаныс аймақтарын ескере отырып жасалған. Санитарлық аймақтарға, өндірістік алаңдарды тиімді пайдалануға және қоршаған ортаға әсер етуіне байланысты қаланың аумағын жоспарлауда түзетулер енгізу қарастырылған. Осыған байланысты вице-премьер бизнес өкілдерімен, жобалау институттарымен кездесіп, қаланың Бас жоспарына өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарды тыңдады.

Қаланы тартымды етіп жасау және кадрлық әлеуетті нығайту мақсатында Алатау қаласы мамандары үшін ипотекалық кредит беру лимитін ұлғайту ұсынылды.

Өткен жобалау кеңсесінің қорытындысы бойынша Қанат Бозымбаев мемлекеттік органдарға атқарылатын жұмыстың көлемі туралы ескертіп, министрліктер мен әкімдіктердің лауазымды тұлғаларының тапсырмаларды уақытында орындамауына жеке жауапкершілік жүктейтінін еске салды.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы