USD
USD
USD

Қанат Бозымбаев Ақтау маңындағы ұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайымен танысты

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев бастаған үкіметтік комиссия Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасына барып, зардап шеккен азаматтардың жағдайын сұрады.

Қанат Бозымбаев
Фото: Үкімет

Алматы, NEGE. Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың айтуынша, апат орнында 22 жедел жәрдем бригадасы мен апаттық медицина орталығының 6 бригадасы жұмылдырылды.

Облыстық көпсалалы ауруханада хирургиялық және травматологиялық бөлімде 30 орын және 10 реанимациялық орын дайындалды.

Зардап шеккендердің жалпы саны — 29 адам. Олардың ішінде 11 адамның жағдайы тұрақты, бірақ, хәлі ауыр.

Қазір облыстық ауруханаға 27 адам жеткізілді. Ауруханаға түскен 27 пациенттің 13-і әзербайжан елінің азаматы, 9 Ресей азаматы, 2 қырғыз азаматы және 3 азаматтың жеке басы анықталып жатыр.

Қазір өңірдегі балалар ауруханасында екі бала медициналық көмек алып жатыр. Барлық пациент диагностика және емдеу хаттамасына сәйкес толық ем алады.

Сонымен қатар Үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев жауапты тұлғаларға сапалы ем мен тиісті күтімді қамтамасыз етуді тапсырды.

Қазір оқып жатыр

Қытай мен Непал шекарасында жоғалып кеткен қазақстандықтардан әлі хабар жоқ – СІМ

су тасқыны

Ақмола облысында істің қаралуын созбалаңға салған әкімге жаза тағайындалды

ақша

Вячеслав Ким Alatau City-де көпфункционалды хабты іске қосты

Вячеслав Ким

Тоқаев Орта дәліз арқылы Кореядан Еуропаға өтетін көлік бағытын дамытуды ұсынды

Бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті