USD
USD
USD

Қанат Бозымбаев Ақтау маңындағы ұшақ апатына қатысты пікір білдірді

Ақтау маңындағы ұшақ апатына қатысты қорытынды бірнеше ай көлемінде дайын болады. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев мәлім етті.

Ұшақ апаты Ақтау
Фото: әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. «Көлік министрлігі қарқынды жұмыс жүргізіп жатыр, халықаралық сарапшылармен бірлескен жұмыс аясында біздің мамандар жаңа дағдыны меңгерді. Түрлі елден келген халықаралық сарапшылар да жұмысқа қатысып жатыр. Ұшақ қалдығының бір бөлігі әлі де шетелде сараптамадан өтіп жатыр, жақында елге қайтарылады. Қазір талдау кезеңі аяқталып қалды, қазір қорытынды есеп дайындау сатысында», - деді Қанат Бозымбаев Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Үкімет басшысы орынбасарының мәлімдеуінше, қорытынды есеп бірнеше айда дайын болады.

«Қазіргі жалғыз мәселе, ұшақтың қалай зақымданғаны. Бұл мәселені саясиландырғым келмейді, сұраққа құқық қорғау органдары жүргізіп жатқан сараптама қорытындысы жауап беруі тиіс. Менің білуімше, олар өзге елдерге сұрау жолдаған, ол елдерде фюзеляждан табылған зақымдаушы элементтері бар. Сондықтан, шындық жыл соңына дейін белгілі болады деп ойлаймыз. Барлық талап үтір-нүктесіне дейін толық орындалады», - деп толықтырды Қ. Бозымбаев.

Еске сала кетейік, былтыр 25 желтоқсанда Ақтау маңында Azerbaijan Airlines ұшағы апатқа ұшырады. Бортта 67 адам, оның ішінде бес экипаж мүшесі болған. Апат салдарынан 38 жолаушы қаза тауып, 29 адам аман қалды.

Қазір оқып жатыр

Арыста ағайындыларды он шақты жігіт соққыға жыққан: туыстары әділ жаза талап етеді

Алмасбек, Сауран

«Арандату болған, басы жарылған»: Әсет Матаевтың адвокаты мәлімдеме жасады

Әсет Матаев

Кенжеғұл Сейітжан премьер-министрге өкпелі

Кенжеғұл Сейтжан

Талғардағы кісі өлтіру және бала ұрлау ісі: басты айыпталушы 25 жылға сотталды

жауапкершілік