Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қанат Бозымбаев Ақмола облысындағы 99 үйдің құрылысын жеделдетуді тапсырды

Қанат Бозымбаев жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Аймақ басшысы Марат Ахметжановпен бірге вице-премьер Бұланды ауданының Журавлевка, Иванковка және Вознесенка ауылдарында үйлердің құрылыс барысымен танысты.

Үкімет
Фото: Үкімет

Алматы, NEGE. Бүгінгі таңда Журавлевка ауылында 42 үй, Иванковка ауылында 41 пәтерге арналған бір қабатты үйлер және Вознесенка ауылында 16 үй салынуда.

Әрбір жеке үйге 10 гектар жер учаскесі қоса беріледі. Барлық жаңа үйлерге қажетті коммуникациялар өткізілген. Қазіргі уақытта іргелес аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Тұрғын үйлер «Қазақстан халқына» қорының қаражаты есебінен салынуда.

Қанат Бозымбаев әкімдікке қалған 99 үйдің құрылысын жеделдетуді және қосымша жұмыс күшін тартуды тапсырды.

Сонымен қатар, вице-премьер қысқа мерзімде орталықтандырылған сумен жабдықтау және жаңа үйлерге арналған жабдықтардың электр қуатының жеткіліксіздігі мәселелерін шешуді тапсырды. Тиісті тапсырмалар әкімдікке және өңірлік электр желісін тарату компаниясына берілді.

Қазір оқып жатыр

Инклюзия: мүмкіндік тең болған жерде қоғам да өзгереді

«Ауыл» партиясы

Шымкентте Нұрайдың өліміне кінәлі деп танылған Шерхан Аймаханға үкім шықты

Шерхан мен Нұрай

Таиланд әуежайында жүкті иесіне ескертпей ашатын өзгеріс енгізілмек

Таиланд

«Сайлау-2026»: сарапшылар сайлаушылар белсенділігі мен теледебаттардың рөлін бағалады

kisi.kz