2 Қараша 15:55
...

Канализация қайда, Мұхамбетов?!

Фото:

Қостанай облысының Әулиекөл ауданындағы алапат өрттен кейін Аманқарағай және Озерное ауылдарының үйі өртенген тұрғындарына 91 үйді едел-жедел салып берген. Арада апта өтпей, сол үйлердің сапасынан ши шығып жатыр.

Бір апта бұрын ғана Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов «тез арада 91 үй салып, тұрғындарға тапсырғанын» мақтанышпен мәлімдеген.

Шалқайып тұрып тұрғындарға кілт тапсырған әкімнің айтуынша, тұрғын үй құрылысына 2,3 млрд теңге бөлінген, оның 600 млн теңгесі инженерлік коммуникациясына жұмсалуға тиіс болатын.

Жергілікті белсенді Юрий Каталевич Youtube әлеуметтік желісіне Мұхамбетов мақтаған үйлердің су астында қалған видеоларын салды.

Бір қызығы, тұрғындар жаңа үйлерге көшіп келген алғашқы күндері-ақ түрлі қиындықтарды көрген. Мәселен бірер күнде-ақ үйлердің әжетқұдығы (септик – ред.) жартылай толып шыға келіпті.

Облыс әкімдігінің құрылыс, архитектура және қала құрылысы басқармасы «жаңа үйлерге әжетқұдық жасау жобада болған жоқ» деп жауап берген. Бұдан бөлек, қостанайлық шенділер жаңа ықшамаудандағы үйлердің жеке канализациясын жасау жөніндегі жобалық-сметалық құжаттарына енді ғана кіріскен көрінеді.

Жаңадан салынған 91 үйдің әрқайсысына 25 млн теңгеден астам қаржы жұмсалған. Бірақ жағдайы әлгіндей. Сонда жаңа үйлердің инженерлік коммуникациясына бөлінген 600 млн теңге қайда кетті?!

Онсыз да айналаңызды өрт шалып жатыр еді, енді саситын болды ғой, Архимед Бегежанұлы!..

Тегтер: