USD
USD
USD

Канадалық Boeing ұшағы әуеде өртеніп кетті

Канадалық Air Canada авиакомпаниясының Boeing 777 ұшағының қозғалтқышы әуеге көтерілгеннен кейін бірнеше минуттан соң жанып кетті. Бұл туралы Airlive.net порталы хабарлады.

ұшақ
Фото: stan.kz

Алматы, NEGE. Оқиға 5 маусымда болғаны белгілі болды. AC 872 рейсі Торонтодан Парижге ұшпақ болған. Шенеуніктер Boeing 777 бортында 389 жолаушы мен 13 экипаж мүшесі болғанын жеткізді.

Ұшу-қону жолағында бақылаушы түсірген видеода ұшақ ауаға жүздеген метрге көтеріліп, кейін қозғалтқышы жана бастаған. Көп ұзамай ұшақ жерге қонған.

Air Canada мәлімдемесіне сай өрт компрессордың тоқтауына байланысты қозғалтқыштың ақауынан туындаған.

Авиакомпания кейін ұшақтың қалыпты түрде қонғанын мәлімдеді. Сақтық шарасы ретінде оны жедел әрекет ету машиналары қарсы алған.

Деректерге сай, зардап шеккендер жоқ, ал жолаушылар сол күні кешке басқа ұшаққа орналастырылған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты