USD
USD
USD

Канадада студент қайтыс болды

Жол апаты салдарынан Қазақстан мен Қытай азаматтары көз жұмды, тағы бір студент ауруханаға жатыр. Торонтода жол апаты салдарынан қазақстандық студент қаза тапты, деп хабарлайды Global News телеарнасы.

Канадада студент қайтыс болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл ақпаратты Қазақстан Сыртқы істер министрлігі растады. «Торонто полициясының мәліметінше, 2019 жылдың 22 желтоқсанында кешке Скарборо ауданында жүргізуші көлігін дұрыс басқара алмай, тротуармен келе жатқан үш студентті қағып кетті. Екеуі көз жұмды, біреуі ауыр халде жатыр. Полиция дерегіне сай, қайтыс болғандардың бірі – Қазақстан азаматы, Сентенниал колледжінің (Centennial College) студенті»,  – деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметіне сәйкес, апаттан зардап шеккен қалған екеуі – ағайынды қытайлық студенттер. Олардың бірі қайтыс болды.

«Үшеуі де ауруханаға түсті, ол жерде 19 жастағы Дамир Құсайын мен Вей Джи Чу қаза болды. Үшінші зардап шеккен 20 жастағы Юн Дже Чу ауар халде жатыр, бірақ оның алған жарақаттары өміріне қауіп төндірмейді», – деп хабарлады Global News полицияға сілтеме жасап.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

.

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

.

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

бақбақ

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін

кілт