USD
USD
USD

Канадада ұшақ апатты жағдайда қонып, өрт шықты

28 желтоқсан күні кешке PAL Airlines басқаратын Air Canada әуекомпаниясының AC 2259 рейсі Канададағы Галифакс әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болды.

Канада ұшақ апаты
Фото: CBC News

Алматы, NEGE. CBC News мәліметінше, қону кезінде ұшақтың қанаты ұшу-қону жолағына соғылып, өрт шыққан. Бортта болған барлық жолаушы мен экипаж мүшелері дереу эвакуацияланған. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпараттар жоқ. 

Оқиғадан кейін әуежай уақытша жабылып, апаттың себептері тексеріліп жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін Оңтүстік Кореяның Муан әуежайында Jeju Air әуекомпаниясының ұшағы апатқа ұшыраған еді. Ұшақта 175 жолаушы мен алты экипаж мүшесі болған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, тек екі адам ғана тірі қалған.

Оңтүстік Корея билігінің мәліметіне сүйенген Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі апатқа ұшыраған ұшақта қазақстандық азаматтардың болмағанын мәлімдеді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты