USD
USD
USD

Канада Ресейге жаңа санкциялар салды

Бұл шаралар күшіне енгеннен кейін канадалық компанияларға мақсатты салалармен келісім-шарт жасау үшін 60 күн беріледі.

Канада Ресейге жаңа санкциялар салды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Канада билігі Ресей экономикасының мұнай-газ, химия және өнеркәсіп салаларына жаңа санкциялар салды.

- 2022 жылдың 14 шілдесінде Канада Ресейдің мұнай-газ, химия және өңдеу өнеркәсібі салаларына екі өндірістік қызмет көрсетуге тыйым салатын Арнайы экономикалық шаралар (Ресей) ережелеріне одан әрі түзету енгізді, – делінген агенттік таратқан ақпаратта.

Тізімге осы салалардан сегіз жаңа сала қосылғаны көрсетілген.

Құжатта канадалық азаматтар мен компанияларға ресейлік тарапқа металл бұйымдары, автомобильдер, тіркемелер мен жартылай тіркемелер, компьютерлік, электронды және оптикалық бұйымдар, электр жабдықтары, жерүсті көлігі және құбырларға қатысты қызмет көрсетуге тыйым салынған.

Бұл санкциялар туралы өткен демалыс күндері Канаданың сыртқы істер министрі Мелани Жоли мәлімдеді. Ол санкция күшіне енгеннен кейін канадалық компанияларға мақсатты салалармен келісім-шарттарды аяқтауға 60 күн берілетінін екертті.

Қазір оқып жатыр

Боксшы Айбек Оралбай Азия ойындарының чемпионы атанды

Айбек Оралбай

Әлеуметтік тұрғын үйге бөлінген 101 млн теңгені жымқырған: Алматы облысында үш адам сотталды

блогер соты

Түркістан облысындағы ауылдарда сел жүріп, тұрғын үйлер мен қора-жайларды су басты

Сел

Ресейден 2,1 млн вакцина жеткізілмек: Қазақстанда тұмауға қарсы екпе басталды

Дәрігер